Университетіміздегі патриоттық сананы қалыптастыру жұмысы аясында микробиология, вирусология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен эдвайзері Мусаева Айжан Аблайовна 2 курс, 24-022 топ студенттерімен бірге 9-қараша күні сағат 18.30-да «Қыз жібек» атты музыкалық драма қойылымын тамашалады. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің рухани дамуына ықпал ету, мәдени құндылықтарды түсіндіру және топішілік қарым-қатынасты нығайту. Қойылым барысында студенттер қазақ классикалық әдебиеті мен музыкасының бай мұрасымен танысты, шығармашылық арқылы патриоттық сезімдерін арттырды. Сонымен қатар, топ студенттері арасында пікір алмасу, талқылау сессиялары ұйымдастырылып, олардың көркем өнерге қызығушылығы мен мәдени сауаттылығы арттырылды. Іс-шара соңында кафедраның ПОҚ-сы студенттермен қысқаша сұхбат жүргізіп, олардың өнерге деген қызығушылығы мен алған әсерлерін тыңдап, студенттердің жалпы мәдени дамуын қолдауға арналған ұсыныстар берді.





