Хабарландыру!
Құрметті студенттер!
Оқу орнымызда жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілетін
«Университет күндеріне», С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай,
талантты студенттер арасында үстіміздегі 2014 жылдың 26-шы қараша күні
сағат 15.00-де және 2-ші желтоқсан күні сағат 10.00-де университет Даңқ Залында
«Университетім-мақтанышым», «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында
жас ақындар және көркемсөз оқу шеберлері байқауы өткізіледі.
Байқауға қатысушылар өтініші, өзіндік шығармалары 21-ші қарашаға дейін қабылданады. Өтініштер мен өзіндік шығармалар №7 аудитория корпусы 109 бөлмеде отыратын көркемдік жетекші С.А.Апсаттароваға тапсырылады. Бойыңызда ақындық қабілетіңіз болса, поэзия әлеміне жақын болсаңыз
байқауда бақ сынаңыз. Байқау 2 екі кезеңнен құралған.
Өткізілу күндері:
1 кезең-26.11.2014ж сағат 15.00 Байқауға қатысушылар жарысы
2 кезең- 02.12.2014ж сағат 10.00 Байқауды қорытындылау, марапаттау күні
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті