Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада сабақ жүргізілетін оқу бағдарламалары 1-3 курстарға «Жалпы медицина», «Педиатрия», 1 курста «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Силлабустар, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар, емтихандық билеттер мен тесттер жыл сайын қайта өңделіп, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Студенттер барлық материалдармен dis.kaznmu.edu.kz порталында танысып, белсенді қолданады, онда барлық қажетті материалдар, практикалық сабақтардың негізгі тақырыптары бойынша кафедра мұғалімдері дайындаған видео дәрістер бар. Кафедрада практикалық сабақтарға қажетті материалдық база жеткілікті түрде бар. Оқу бөлмелері муляждармен, анатомиялық ылғал препараттармен, интернетпен жабдықталған. Сонымен қатар кафедра мұражайлары – сүйек мұражайы және өзіндік тарихы мен ерекше мұрағаттары бар ылғал препараттар мұражайы жұмыс жасайды.

Мұражайлар студенттердің анатомияны оқып игеруіне ерекше ықпал етеді.

Кафедра оқытушылары шығармашылық жұмысқа да ерекше көңіл бөледі. Кафедраның Youtube каналында кафедра қызметкерлерінің бейне дәрістері үш тілде жүктелген.

Соңғы жылдары кафедра қызметкерлері шығарған оқу құралдары:

  1. Жаныбеков Д.Е. «Адам анатомиясы бойынша бақылау карталары. Ішкіағзалар». Алматы, 2015г.
  2. Искиндирова А.М., Искакова Л.А., Жолдыбаева А.А. «Остеология». Москва, 2015г.
  3. Искиндирова А.М., Искакова Л.А., Жолдыбаева А.А. «Миология». Москва, 2015г.
  4. Искиндирова А.М., Искакова Л.А., Жолдыбаева А.А. «Артросиндесмология». Москва, 2015г.
  5. Жаныбеков Д.Е., Искиндирова А.М. «Балалар организмінің кейбір анатомиялық ерекшеліктері». Қарағанды, 2017ж.
  6. Жаныбеков Д.Е. «Адам анатомиясы бойынша бақылау карталары. Тірек-қимыл аппараты». Қарағанды, 2017ж.
  7. Жаныбеков Д.Е. «Адам анатомиясы бойынша бақылау карталары. Ішкі ағзалар». Қарағанды, 2017ж.
  8. Жаныбеков Д.Е., Шакенов Б.Ш. «Анатомия сызбалар түрінде». Қарағанды, 2017ж.
  9. Ахмад Н.С. Несеп жыныс ағзаларының анатомиясы. Караганда, ТОО «Мedet Grroup», 2020 ж.
  10. Досаев Т.М., Байгамысова Д.С., Балапанова А.А. «Имундық жүйе ағзаларының қызметтік анатомиясы және эмбриогенезі» Оқу құралы. Алматы – 2023ж.
  11. Абилова А.А. «Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиясы» Оқу құралы. Алматы, 2023ж.
  12.  Досаев Т.М., Ахмад Н.С., Искиндирова А.М., Тукибаев Ж.А. «Ми мен жұлынның өткізгіш жолдары» Көрнекі оқу құралы. Алматы – 2023 ж.
  13. Досаев Т.М., Ахмад Н.С., Досаева С.Т. «Проводящие пути головного и спинного мозга» Көрнекі оқу құралы. Алматы – 2023 ж.