Фармакогенетиканың болашағы: ҚазҰМУ-дың фармакология кафедрасының ассистенті Шохмурод Анарханович Молайханов Мәскеудегі беделді жас ғалымдар мектебіне қатысты

2025 жылғы 20-22 мамыр аралығында фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог дәрігер Шохмурод Анарханович Молайханов Мәскеу қаласына іс-сапармен барып, фармакогенетика, фармакогеномика және персоналданған терапияға арналған VII Ресейлік жас ғалымдар мен дәрігерлер мектебіне қатысты. Іс-шара 2025 жылғы 21 мамырда РФ Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосындағы Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының базасында өтті.

Мектепке қатысу үшін өтінім мен мотивациялық хат беру арқылы іріктеу жүргізілді. Көптеген үміткерлер арасынан  үздік 50 жас маман іріктеліп алынды, олардың қатарында біздің университет оқытушысы да бар.

Іс-шараны Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясы

ұйымдастырды. Мектептің негізгі бастамашысы әрі рухани жетекшісі – РҒА академигі, м.ғ.д,, профессор, академик Б.Е. Вотчал атындағы клиникалық фармакология және терапия кафедрасының меңгерушісі, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының ректоры Дмитрий Алексеевич Сычёв. Оның басшылығымен фармакогенетика мен персоналданған медицина саласындағы негізгі бағыттар талқыланып, жас мамандарға қолдау көрсетіліп, тәжірибе алмасылды.

Мектеп бағдарламасы аясында жетекші мамандардың баяндамалары тыңдалып, фармакогеномикалық тәсілдерді клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелері қарастырылып, практикалық секциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысу ұйымдастырылды.

Шохмурод Анарханович алған білім мен кәсіби тәжірибесін клиникалық фармакология және персоналданған медицина саласындағы ғылыми және практикалық қызметінде қолдануды жоспарлап отыр.

Оны лайықты қатысуымен құттықтаймыз және кәсіби әрі ғылыми даму жолында табыс тілейміз!