«ФИЗИКА ЖӘНЕ МЕДИЦИНА: ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ»

Биофизика курсымен қалыпты  физиология кафедрасының оқытушылар Нуртаева Ғ.К., Шахантаева А.А. және Алмабаева Н.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика – техникалық факультетінің оқытушыларымен біріге отырып осы шараны ұйымдастырды.

Шараға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медицина» мамандығының Мед24 – 023, 024 топ студенттері мен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика – техникалық факультетінің «Техникалық физика» мамандығының 1 курс студенттері белсене қатысты.

Тәрбие жұмысы бойынша салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Физика және медицина: денсаулықтың ғылыми негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Шараның басты мақсаты жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын жеткізу, сонымен қатар адам денсаулығын сақтауда физика мен медицинаның рөлін көрсету.

Шара аясында студенттер өздері дайындаған ғылыми-танымдық презентацияларын ұсынды. Адамның өмірлік маңызды мүшелері жүрек пен мидың жұмысының физика заңдарымен байланысына ерекше назар аударылды.     Студенттер жүрек-қантамырлар жүйесі мен мидың қызметі Бернулли заңына, Пуазейль теңдеуіне, электр импульстары мен биопотенциалдардың пайда болуына байланысты екенін түсіндірді.    соынмен қатар біздің студенттер алғашқы медициналық көмек көрсетудің дағдыларын көрсетті. Олар жүрек аурулары мен жедел жәрдем көрсету кезіндегі ережелерімен қатар тәжірибе жүзінде көрсетті.

Іс шара жоғарғы мазмұнды деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенді қатысуларына ықпал етті. Соңында екі университеттің студенттері бір-біріне сұрақтар қойып,  өз ойларын білдірді.

Мұндай іс-шаралар физика мен медицинаның адам өміріндегі маңызын ашып қана қоймай, студенттердің ой өрісін дамытып, теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік береді.