МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» басымдық бағыты және тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы сайысты Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О., Байдуллаева Г.Е. ұйымдастырды. Салауатты  өмір салтын сақтау мақсатында өткізіліп отырған бұл сайысқа 70 жұмыс қатысты (барлық факультет студенттері). Медицина, Педиатрия және Фармация мектептерінің студенттерінің қолдарынан шыққан туындылар, яғни эссе, өлең жолдары, газет, қолөнер және басқа әділ қазылар алқасының саралауына түсті. Алғы сөзді аға тәлімгер Алмабаева Н.М. сөйледі. Сайыстың қонағы ретінде Білім беру ісінің және мәдениет саласының үздігі, Қазақстан және Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Ұлттық дизайн Академиясының Академигі, «Қазақстандық Бабалар аманаты этнографиялық дизайн одағының президенті Қанағат Қалиұлы Кодеков мырза қатысты.

Комиссия мүшелері сайысты қорытындылады.

Өз өлең жолдарымен 

II орын Сатыбалды Н. (Мед25-020) және Жұмағұл А. (Мед25-017);
III орын Қуанышбек І. (Мед25-021) және Аман Рифат (GM22-075).

Эссе

II орын Шырынбек М.  (Мед25-021);
III орын Мухамедқали Н. (Мед25-009) және Денисов П. (Мед25-045).

Ең үздік қабырға газеті

I орын  Муханова Ж. (Мед25-062а);
II орын   Мед25-007 топ пен Ергешова М. (Мед25-062а);
III орын Мед25-022 топ пен Кундулдаев Ш. (Мед25-061) марапатталды.
Қатысқан және белсенділік танытқан студенттер Алғыс хатпен марапатталды  және  естелік сыйлықтарға ие болды.