2017 жылдың 14 наурызында Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы Жалпы медицина мектебінің 3 курс кураторлық топ студенттерімен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу қазіргі қоғамның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңдаа алға қойып отырғаан міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбәр мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің ұоғамда әрі қарай ушықпауына жол бермеуіміз керек.