Өмір жолы – үздіксіз таңдау

Рухани жаңғыру аясында 2018 жылы 20 қазан күні Даңқ залында жастар саясаты басқармасы, жалпы медицина мектебі, SDF студенттік өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 1-2 курс білім алушыларының қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, КСРО және ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Ерасыл Абылкасымовпен кездесуі болып өтті.

Кеш кейіпкері профессор Ерасыл Әбілқасымұлы студенттер алдында өзінің өсу жолын, білімге құштарлық, табандылық және еңбекқорлығымен кездескен кедергілерді жеңе отырып, мемлекет және қоғам қайраткерлігіне жету кезеңін баяндап өтті.

Кездесуге Университет ректоры Т. Нургожин, Қазақ-Ресей медицина университетінің ректоры Джайнакбаев Н.Т., Алматы қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры, м.ғ.д, профессор Абильдаев Т.Ш. және де бірге қызмет атқарған әріптестері қатысып, қонағымыздың өмір жолынан сыр шертіп, сыйлықтарын табыс етті.

Білім алушылар келген қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін түрде сұхбаттасты. Жалпы медицина мектебінің өнерлі домбырашылар тобы күйлерін орындап, әннен шашу шашты.

Жалпы медицина мектебінің деканы Г. Шопаева, бүгінгі кездесу иесінің өткен жолы болашақ ұрпақтардың өмірде қалыптасуына септігін тигізетіне  сенім білдіріп, жиынды қорытындылады. Кездесу зор ұйымшылдықпен өтті.

 

 

 

Жастар саясаты басқармасы,

Жалпы медицина мектебі