2025 жылғы 18 сәуірде микробиология, вирусология кафедрасында «Микробиология, вирусология, паразитология» секциясы бойынша Жыл сайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиада өтті.
Іс-шараға жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Атап айтқанда:
-Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты (Өзбекстан)
– Астана медицина университеті
– Қарағанды медицина университеті
– Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
– Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
– С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды.
🔬 Бірінші кезең үш бөлімнен құралды:
- «Ұлы классиктердің ізімен» — әдеби шығармалардан алынған дәйексөздер негізінде ауру түрлерін анықтау тапсырмасы;
- «Микробиологиядағы ұлы тұлғаларды еске түсірейік» — ғылым тарихына қатысты сұрақтар;
- Блиц-турнир — пән бойынша білім деңгейін бағалауға арналған шапшаң әрі серпінді жарыс.
🧪 Екінші кезең — практикалық дағдыларды бағалауға бағытталды және оған ситуациялық есептерді шешу мен виртуалды зертханада жұмыс істеу тапсырмалары кірді.
«Микробиология, вирусология, паразитология» секциясы бойынша олимпиада жеңімпаздары:
Қазақ бөлімі:
🥇 I орын — «Micro Guardians» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан
🥈 II орын — «АРМАДА» командасы, Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан
🥉 III орын — «BioHackers» командасы, Қарағанды медицина университеті, Қарағанды, Қазақстан
🥉 III орын — «MicroEmpire» командасы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан
Орыс бөлімі:
🥇 I орын — «Gram Positive» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан
🥈 II орын — «Авиценнаның ізбасарлары» командасы, Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Бұхара, Өзбекстан
🥉 III орын — «INFECTA» командасы, Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан
Ағылшын бөлімі:
🥇 I орын — «Artisans» командасы, Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан
🥈 II орын — «Gram Gang» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан
🥉 III орын — «STEPPECILLIN WARRIORS» командасы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан
«Микробиология, вирусология, паразитология» бойынша өткізілген бұл олимпиада студенттердің жоғары кәсіби дайындық деңгейін, ғылыми пәндерге деген қызығушылығы мен ынтасын айқын көрсетті. Біз өзге жоғары оқу орындарынан келген қатысушылар мен командаларды жылы қабылдап, олардың белсенді қатысуын жоғары бағалаймыз. Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар ғылыми білімді тереңдетуге, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ медицина мамандары арасында кәсіби байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді.