📣2025 жылғы 1–6 желтоқсан аралығында Қарақалпақстан Медициналық институтының медициналық биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Нарымбетова Роза Жанабаевна С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің микробиология, вирусология кафедрасында қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықтан өткен болатын.

Бағдарлама 06.01.2021 ж. жасалған екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ұйымдастырылды.

✨ Бағдарламаның негізгі бағыттары:

🔹 микробиология, вирусология кафедрасының материалдық-техникалық базасымен танысу;

🔹 тәжірибелік сабақтарға қатысу және стоматология факультетінің студенттеріне тәжірибелік сабақтарды өткізу;

🔹 білім беру процесіне виртуалды зертханаларды енгізу мүмкіндігін зерделеу;

🔹 ЖИТС-пен күреске арналған Дүниежүзілік күнге байланысты өткізілген студенттік конференцияға қатысу;

🔹 кәсіби байланысты кеңейту және Алматы қаласының мәдени нысандарын аралау.

👩‍🏫 Сонымен қатар, бағдарламаның бір бөлігі оқытушылық қызметке арналды. Роза Жанабаевна 24-022 топ студенттеріне келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақ өткізді:

  • Герпес вирустары және ауыз қуысының патологиялық өзгерістері;
  • Микробиологиялық диагностика, емдеу және алдын алу принциптері;
  • Стоматологиялық бейіндегі ауруханалық инфекциялар және жақ-бет хирургиясы стационарларындағы ішкі инфекциялар, олардың адам патологиясындағы рөлі және алдын алу шаралары.

📌 Бұл тағылымдама жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және оқытудың озық әдістерімен алмасуға маңызды қадам болды.