2025 жылғы 11–12 қыркүйекте Татарстан Республикасы, Қазан қаласында «Аристов оқулары» атты халықаралық қатысумен бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.

Конференция академик В.М.Аристов атындағы микробиология кафедрасының 105 жылдығына арналды. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ атынан конференцияға микробиология, вирусология кафедрасының келесі құрамы: медицина ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі Рамазанова Бахыт Аманулловна, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Мустафина Камиля Камаловна, PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Колоскова Екатерина Александровна қатысты.

Конференция аясында Б.А.Рамазановаға 2025 жылғы 26 ақпанда КММУ ректорының бұйрығымен, медициналық микробиологияны дамытуға қосқан үлесі үшін академик Вячеслав Михайлович Аристовский атындағы естелік медалі табыс етілді. Айта кетеніні, бұл медаль конкурс комиссиясының ұсынысы бойынша көрнекті ғалымдар мен лайықты зерттеушілерге беріледі.

Кафедра қызметкерлері келесі баяндамаларды ұсынды:

  1. Рамазанова Б.А. – «Жасанды ұрықтандыру технологиясыменемделетін ер адамдарда COVID-19-дың спермограмма көрсеткіштеріне әсері: деректерді жасанды интеллект көмегімен талдау»
  2. Мустафина К.К. – «Медициналық микробиологияны оқытуда виртуалды лаборатория және R Studio: теориядан практикаға»
  3. Колоскова Е.А. – «COVID-19 кейінгі кезеңдегі адамдарда ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың патогендігі: клиникалық штамдарды зерттеу»

Оқытушылардың қатысуы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология, иммунология және инфекциялық медицина салаларында ғылыми байланыстарды дамыту және тәжірибе алмасуға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді. Конференция барысында мамандар зерттеу нәтижелерін бөлісіп, пленарлық отырыстарға, тақырыптық сессиялар мен дөңгелек үстелдерге қатысты, кәсіби байланыстарын кеңейтті және қазіргі заманғы медициналық ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.