13-14 қараша күндері микробиология, вирусология кафедрасында «Заң және жастар: жауапкершілік пен таңдау» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары лекция-дискуссия өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, заң алдындағы жеке жауапкершілігін сезіндіру және Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын тереңірек түсіндіру болды. Кездесу барысында жастар саналы таңдау жасау, құқықтық мәдениетті дамыту, қоғамдағы азаматтық рөлін айқындау секілді маңызды ұғымдарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Еркін форматтағы дискуссия студенттерге күнделікті өмірде туындайтын құқықтық жағдайларды талқылап, нақты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Бұл – болашақ мамандардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Іс-шараға М24-011қ және М24-012қ топтарының эдвайзері Бейсегулова Гүлжан Нұрқапызовна, М24-013қ пен М24-014қ топтарының эдвайзері Угышова Шолпан Ерлановна, М24-015қ және М24-017қ топтарының эдвайзері Игисенова Альфия Иманғалиевна, М24-016қ және М24-018қ топтарының эдвайзері Айтимова Дана Нальтаевна, М24-019қ пен М24-020қ топтарының эдвайзері Асқар Гүлсім Халмаханқызы, М24-021қ және М24-022қ топтарының эдвайзері Мусаева Айжан Аблайовна, М24-023қ пен М24-024қ топтарының эдвайзері Нургазина Гүлім Сергазыевна, М24-040р және М24-041р топтарының эдвайзері Мұстапаева Жұлдыз Өмірбекқызы, сондай-ақ М24-042р және М24-043р топтарының эдвайзері Буньяева Дарья Владимировна қатысып, студенттермен бірге белсенді пікірталас жүргізді. Жастардың құқықтық сауатты болуы – елдің ертеңіне қосылған ең құнды үлес.