14 қараша күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында біздің университетте сенбілік өткізілді.

Микробиология, вирусология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен эдвайзерлері университет аумағын абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытты.

✨ Ерекше атап өтетін жайт: 14 қараша — жұма күні, яғни ұлттық киім күні. Осыған орай кафедраның ПОҚ мен эдвайзерлері сенбілікке әсем ұлттық киімдермен қатысып, экологиялық бастаманы мәдени құндылықтарды дәріптеумен үйлестіре алды.

📌 Акция қатысушылары университет аумағын тазалау және ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп, кампустың тазалығы мен көркін сақтауға үлес қосты.

🌿 Мұндай іс-шаралар табиғатқа қамқорлық мәдениетін қалыптастырып, студенттер мен қызметкерлер арасында экологиялық сананы дамытуға ықпал етеді.