С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Академиялық саясатпен бекітілген Басқарманың 2023 жылғы 3 қарашадағы № 24 шешіміне сәйкес (10-бөлім), 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы Фармация білім және ғылыми-зерттеу институтының «Жалпы медицина» мамандығының екінші курс студенттері С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келді. Қонақтарды №1 «Жалпы медицина» мектеп деканының орынбасары Тагирова Римма Төлеуханқызы алып жүрді. Қабылдау барысында кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С. кафедраны таныстырып шықты.
Кафедра профессоры Досаев Т.М. анатомия кафедрасының 95 жылдық тарихымен, оқу және ғылыми-зерттеу нысандарымен таныстыра отырып, экскурсия жасады. Студенттер сүйек мұражайын, муляждар мұражайын, ылғалды препараттарды және биосинтетикалық манекендерді орналастыратын симуляциялық бөлмені аралады. Кейін сол бөлмеде профессор Досаев Т.М. «Анатомияны оқытудағы заманауи тенденциялар» тақырыбында дәріс оқыды.
Одан кейін Өзбекстаннан келген студенттер №126 аудиторияда «Нерв жүйесінің анатомиясы. Бас сүйек нервтері» тақырыбындағы практикалық сабаққа қатысты. Кафедра оқытушысы Сайдахметова А.Қ. практикалық сабақты жоғары деңгейде әдістемемен өткізді.
Осылайша, академиялық ұтқырлық және университетаралық ынтымақтастық аясындағы бұл тәжірибе алмасу оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етті.