«180 жылдық Абай мұрасы: Классика мен Жасанды Интеллект тоғысы» атты пікр-талас

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары: 2025 жылдың қараша айының 12-і күні Г.Т. Танеева, Қ.Е.Жүзжан «Медицина» мамандығының 1 курс М25-001/002, М25-003/004 топ студентерімен «180 жылдық Абай мұрасы: Классика мен Жасанды Интеллект тоғысы» атты пікр-талас сайысы өткізілді. Іс-шара барысында каф.мең. А.Ж. Молдакарызова және деканның орынбасары Қ.Ф. Амантаев сөз сөйледі.

Пікір-талас екі бағытта жүргізілді:

1 бағыт: Абай шығармалары – мәңгілік құндылық

Студенттер Абай қара сөздері мен өлеңдерінің тәрбиелік, адамгершілік мағынасын талдап, оның бүгінгі қоғамдағы рөлін саралады.

Бұл бағыт аясында студенттер Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдерінің терең тәрбиелік, адамгершілік және рухани мәнін жан-жақты талқылады. Әр топ Абай шығармаларындағы басты ұғымдар еңбекқорлық, адалдық, ғылым-білімге құштарлық, адам болу парызы, ұят, ар-намыс, толық адам концепциясы сияқты қағидаларды мысалдармен байыта отырып, өз көзқарастарын білдірді.

Студенттер Абайдың 7, 14, 19, 25, 38-қара сөздерінен үзінділер келтіріп, олардың қазіргі замандағы өзектілігін дәлелдеді. Абайдың:

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», «Талап, еңбек, терең ой…» деген идеялары өмірлік бағдар ретінде қарастырылды.

Сонымен бірге студенттер Абайдың адамның ішкі болмысын тәрбиелеу, мінезді қалыптастыру, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік мәселелерін қозғаған ойларының бүгінгі күнде де құнын жоғалтпағанын атап өтті. Талқылау барысында Абайдың шығармалары қазіргі жастардың тұлғалық дамуына ғана емес, дәрігер мамандығын таңдаған болашақ мамандардың этикалық мәдениетін қалыптастыруға да ерекше ықпал ететіні жөнінде пікірлер айтылды.

Абай мұрасының мәңгілік құндылық екендігі, уақыт өткен сайын оның идеялары жаңа қырынан ашылып, жас ұрпақты ізгілікке жетелей беретіні жөнінде тұжырым жасалды.

2 бағыт: Классика және Жасанды интеллект тоғысы

Бұл бөлімде студенттер классикалық әдеби мұраның, соның ішінде Абай шығармаларының, заманауи технологиялық жетістіктермен – әсіресе Жасанды интеллектпен (ЖИ) өзара байланысу мүмкіндіктерін талқылады. Пікірталас барысында цифрлық дәуірде Абай ойларының жаңаша интерпретациялануы, заманауи форматта қолданылуы және жасанды интеллекттің білім беру мен ғылымдағы рөлі жан-жақты сараланды.

Студенттер ЖИ-дың келесі бағыттардағы әлеуетін атап өтті.