24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасында туберкулезді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістеріне арналған семинар өтті, ол Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналып өткізілген болатын. Іс-шара барысында осы инфекциялық ауруды диагностикалауда қолданылатын ең жаңа әдістер мен технологиялар таныстырылды. Семинарды фтизиопульмонология және микробиология саласының жетекші мамандары ұйымдастырып өткізді: ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры Ракишева А.С., Ұлттық референс-лабораторияның жетекшісі Чингисова Л.Т., ҚДЛ ННЦФ жетекшісі Телегина Е.П. Семинарға микробиология, вирусология кафедрасының студенттері мен ПОҚқатысты.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, микробиология, вирусология кафедрасының меңгерушісі Б.А. Рамазанова студенттерге туберкулезді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерінің негізгі аспектілерін жария түрде түсіндіріп, ұсынылған тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап көрсетті. Іс-шара мамандар мен болашақ медициналық мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, студенттердің практикалық дағдыларын тереңдетуге және кафедралар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.