24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні:

ҚазҰУ-дың микробиология, вирусология кафедрасында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Туберкулезді диагностикалаудың заманауи әдістеріне» арналған семинар өтті. Іс-шара аясында осы жұқпалы ауруды диагностикалау үшін қолданылатын жаңа тәсілдер мен технологиялар талқыланды. Семинарды фтизиопульмонология және микробиология саласындағы жетекші мамандар ұйымдастырып, өткізген болатын. Олардың ішінде ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры А.С. Рақышева, Ұлттық Референс зертханасының жетекшісі Л. Т.Чингисова, ҚР ДСМ ҰФҒО жетекшісі Е. П. Телегина бар. Семинарға микробиология, вирусология кафедрасының студенттері мен ПОҚ қатысты. Бұл іс-шара мамандар мен болашақ медицина мамандары арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды көрінісіне айналды.