2025 жылдың 21- ші қыркүйек күні Астана алаңында жалпы медицина- 1 мектебінің 1, 2, 3 курс білім алушылары Алматы қаласының күніне арналған мерекелік іс-шараға белсене қатысты. Бұл күні біздің жастар өнер көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Асфендияров университетінің студенттері қоғамдық өмірге белсенді араласатын, өнерлі де дарынды жастар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.