2025 жылдың қаңтар айында микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті, эдвайзері Айтимова Дана Нальтаевна, профессор ассистенті Ханділла Замзагуль Мырзанқызының жетекшілігімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ) кезінде студенттерге қажетті ақпарат пен дағдыларды жеткізу мақсатында оқу бейнемазмұндарын көрсету шаралары ұйымдастырылды. Бұл шара эдвайзерлік М23-057қ, М23-058қ топтарымен бірлесе отырып өткізілді. Оқу бейнемазмұндарын көрсету кезінде басты мақсатымыз – студенттерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және дағдарыс жағдайларында өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту болды. Бейнемазмұндар арқылы әртүрлі ТЖ жағдайларына арналған іс-әрекет алгоритмдері, алғашқы медициналық көмек көрсету, эвакуация тәртібі және психологиялық қолдау көрсету әдістері көрсетілді. Талқылау барысында студенттер пікірлерін айтып, төтенше жағдайлар кезінде туындайтын сұрақтар мен қиындықтар туралы өз ойларын білдірді. Әсіресе, эвакуация жағдайындағы тәртіп пен алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері көп талқыланды. Талқылау нәтижесінде студенттер төтенше жағдайлар туралы білімдерін кеңейтіп, қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындаудың маңыздылығын түсінді. Көптеген студенттер осындай бейнемазмұндар мен талқылаулардың олар үшін өте пайдалы екенін атап өтіп, болашақта да осы форматта оқу шараларын өткізуді ұсынды.
2025 жылдың қаңтар айында микробиология, вирусология кафедрас…
![](https://general.kaznmu.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/2___1738816582.1220427-2-580x435.jpeg)