«Наурызнама» аясындағы «Ұлттық киім күні» іс-шарасы

2026 жылдың 18 наурызында С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күні» атты іс шара өткізді. Бұл атаулы іс шара ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді жаңғырту және қазақ халқының тарихын дәріптеу мақсатында өткізілді. Бұл күні адамдар ұлттық киім киіп, оның маңыздылығын насихаттайды. Іс шара кафедрада қазақтың ұлттық аспабы домбырада жанды дауыста ән айтумен, күй шертумен басталып, университетіміздің атаулы орындарында шеру жасалуымен аяқталды. Іс шараға қалыпты анатомия кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы, 1- ЖММ мектебінің қызметкерлері, гистология кафедрасының оқытушылық құрамы мен 1 курс «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Педиатрия», «Стоматология» факультеттерінің студенттері ат салысты. Іс шара өте ауқымды, жоғары деңгейде өтті.