Іс-шара барысында университет пен медициналық мекемелердегі коррупцияның негізгі аспектілері қамтылған презентация ұйымдастырылды: оның түрлері, экономикалық және әлеуметтік салаларға, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларына әсері, сондай-ақ оны болдырмауға бағытталған шаралар.
Оқытушылардың қатысуымен өткен талқылау жұмыстары төмендегідей өтті:
• Қауымдастырылған профессор К.К. Мустафина студенттермен ашық талқылау жүргізіп, коррупцияның университет пен медициналық мекемелердің дамуына, олардың институционалды процестеріне әсерін түсіндіріп, жастарға коррупциялық практикалардың теріс салдарын түсінудің маңыздылығын атап өтті.
• Қауымдастырылған профессор Т.С. Бегадилова студенттерге құқықтық және этикалық аспектілерін жария түрде түсіндіріп, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен жастардың ашықтық пен әділдікті сақтаудағы рөлін басты назарға алды.
• Лектор А.А. Мусаева студенттермен ашық талқылау жүргізіп, коррупцияның әлеуметтік салаларға, білім беру мен медициналық мекемелердегі қызмет сапасына және азаматтардың жеке өміріне әсерін нақты мысалдар арқылы көрсетті.
• Ассистент, эдвайзер Г.Х. Асқар студенттерге әрбір адамның жеке жауапкершілігі мен жастардың белсенділігі университет пен медициналық мекемелердегі коррупциямен күресте қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, профилактика шараларын тәжірибеде қолдануға шақырды.
Студенттерге коррупцияның қоғамға, университет пен медициналық мекемелердің жұмысқа әсерін көрсететін видеоролик ұсынылды. Видео тақырыпты тереңірек түсінуге және талқылауды белсендендіруге ықпал етті. Іс-шара соңында студенттер коррупциямен күрес әр адамнан басталатынын түсінді. Олар тақырыпты әрі қарай зерттеуге және антикоррупциялық шараларға белсенді қатысуға ниет білдірді.



