10.02.2026 күні 2026 жылдың 6-ақпан күні «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушысы Алмабаева Н.М. және және тәлімгерлік топтар Мед25-017 және Мед25-018 студенттері «Мұқағали Мақатаевтың 95 жыл» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізді.
Мұқағали Мақатаев (1931-1976) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Мұқағали шығармалары өскелең ұрпаққа мұра ретінде қалған мазмұнды, терең ойлы туындылар. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін, Шекспирдің “Сонеттерін”, Уолт Утименнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Мақатаев қысқа, бірақ жарқын ғұмыр кешіп, ұрпақтарына ұлттық мінезге толы ерекше поэзия қалдырды.




