Өзбекстанның білім беру және зерттеу фармация институтынан академиялық ұтқырлық аясында келген «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенттерін 2025 жылдың 16 қыркүйегінде гистология кафедрасы қабылдады.

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ 2023 жылғы 03 қараша №24 Басқармасының шешімімен бекітілген академиялық саясатының 10 бөліміне сәйкес Өзбекстанның білім беру және зерттеу фармация институтынан  академиялық ұтқырлық аясында келген «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенттерін 2025 жылдың 16 қыркүйегінде гистология кафедрасы қабылдады. Қабылдау барысында кафедра меңгерушісі м.ғ.к. М.Ж.Ерғазина қонақтарды 93 жылдық тарихы бар гистология кафедрасының тыныс-тіршілігімен таныстырып, оқу үдерісі барысында қолданылып жүрген заманауи технология құралдарымен егжей-тегжейлі таныстырып шықты. Олар модернизация нәтижесінде қол жеткізілген гистологиялық зертхана, цифрлық сыныптар. Микроскоптарға жеке-жеке тоқталып олардың қасиеттерімен таныстырылды. Әрбір оқу бөлмелеріндегі заманауи микроскоптарға шолу жасалды. Содан кейін Өзбекстаннан келген студенттер 209 және 226 оқу бөлмелерінде «Эндокринді жүйе» тақырыбында тәжірибелік сабаққа қатысты. Тәжірибелік сабақты кафедраның профессор ассистенті Р.С.Омарова мен ассистент З.Ю.Хебуллаева жоғары әдістемелік деңгейде өткізді. Сабағымыздың екінші жартысы бағдарламаға сәйкес цифрлық сыныпта жалғасты. Студенттер аса қызығушылық танытып, тартымды сабақтың өтуіне себептерін тигізді. Әр студентке гистологиялық препараттар беріліп эндокринді бездердің құрылымдарын жеке зерттеуге мүмкіндік алды және берілген тапсырмаларды топ болып орындады. Жалпы алғанда академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу, университ аралық ынтымақтастық  оқу нәтижесін күшейтуге жоғары мүмкіндік берері сөзсіз.