Жалпы иммунология кафедрасы
Жалпы иммунология кафедрасы «Жалпы медицина», «Педиатрия» мен «Стоматология» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге «Жалпы иммунология» пәні бойынша сабақ жүргізеді, сонымен бірге «Медицина» мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарға да сабақ жүргізіледі. Оқыту үдерісі формаға сәйкес бекітілген оқу жоспары және силлабуспен қамтылған.
Оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында студенттерге арналған қазақша, орысша, ағылшын тілдеріндегі емтихандық тесттік тапсырмалар, ағымдық бақылау тесттері, силлабустар, әдістемелік нұсқаулықтар жыл сайын кафедра мәжілісінде талқыланады және бекітіледі. Оқу үдерісінде инновациялық әдістер қолданылады, оқытудың техникалық құрал-жабдықтары белсенді қолданылады.
Оқу сапасын қамтамасыз ету және оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында кафедраның ПОҚ оқу-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады, педагогика мен иммунология, аллергология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклдарын өтеді.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасы медициналық ЖОО-ң оқытушылары мен дәрігерлерге жетілдіру циклын өткізеді. Кафедрада клиникалық және ғылыми тәжірибесі мол оқытушылар жұмыс істейді.
Соңғы жылдары кафедрада «Аллергология мен иммунология» мамандығы бойынша дәрігерлер иммунология мен аллергологияның өзекті мәселелері туралы біліктілігін жетілдіру циклынан өтті. Соның ішінде «Иммунды компрометтирленген адамдар диагностикасы, емі және иммундық оңалтуы. Иммунограмманы талдау», «Заманауи дәрігердің тәжірибесіндегі иммунодиагностика, иммунотерапия мен иммунопрофилактика» және т.б. курстар жүргізілді.
Коронавирус пандемиясына байланысты online оқытуға көшу оқытушыларға қашықтықтан білім берудің өз артықшылықтарын көрсетті.
Осы жылы алғаш рет медициналық ЖОО-ң оқытушыларына арналған 108 сағат көлеміндегі «Медициналық ЖОО оқытушыларына арналған иммунология» атты қашықтықтан оқытылған цикл жүргізілді. Курста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ОҚМА резидентура мен бакалавриат оқытушылары білім алды.
Кафедраның қызметкерлері мамандық және педагогикалық дағдылар бойынша тек Республиканың ғана емес, сонымен қатар жақын шетелдің де медициналық ЖОО-да қашықтықтан оқытылатын циклдарды одан әрі жүргізуді жалғастырмақ.
Бөгенбай батыр, 153, №5 оқу ғимараты, 2қабат
телефон: 338-70-90 ішкі 72-96 [email protected]