Қалыпты физиология және биофизика кафедрасында ғылыми-білім беру бағытындағы Journal Club өз жұмысын бастады.
Алғашқы отырыс 2025 жылғы 27 қазанда 7 аудиторияның 409 кабинетінде өтті. Кездесуді ассистент-профессор, PhD Рақымжан Асылхан Ануарбекұлы ұйымдастырып, заманауи биомедициналық зерттеулердің өзекті бағыттарына арналған ғылыми баяндама жасады. Отырыс барысында екі- және үшфотонды микроскопия әдістерін қолдануға арналған халықаралық ғылыми мақалалар талқыланды.
Journal Club-тың кезекті отырысы 2025 жылғы 22 желтоқсанда өтті. Кездесу аясында қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Соколов Дмитрий импульсивті мінез құлықтың нейробиологиялық механизмдеріне арналған ғылыми мақаланы таныстырып, мазмұнды ғылыми пікірталас өткізді.
Journal Club отырыстары алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.




