«Амал – татулық пен жаңарудың мерекесі» атты іс-шара

2026 жылы 13 наурыз күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының проф. ассист. Қ.Е. Жүзжан «Медицина» мамандығының 1 курс М25-023 топ студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

  • Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау.

  • Жастарды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру.

Іс-шараның барысы:

14 наурыз күні мекемемізде Амал мерекесіне арналған «Көрісу күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып көрісіп, «Бір жасыңмен!» деп тілек айтты.

Бағдарлама барысында:

  • мерекенің шығу тарихы таныстырылды;

  • ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәлімет берілді;

Қатысушылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, мерекелік көңіл-күй алды. Амал мерекесі адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтатын маңызды дәстүр екені айтылды.