Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Патофизиология кафедрасында доцент В.М.Сабырахметова ЖМ 20-009 және ЖМ 20- 010 куратор топтарымен бүгінгі дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық-байлық негізі деп аталатын шара өткізді. Шараға кафедраның оқытушылары қатысты.
Шараның мақсаты: Студенттерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Студенттер денсаулық жөнінде презентация көрсетіп, студенттер арасында денсаулыққа байланысты викториналық сұрақ-жауап өткізілді.
Шара соңында кафедраның ассистенті Мейрам Есович студенттерге денсаулық жөнінде өз ойын айтып студенттерге алғысын білдірді.