Кәсіби бағдар беру

Оқушыларға кәсіби бағдар беру– жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. 2022 жылдың 13 Маусым  күні  Семей қаласының Семей білім инновациялық лицейі түлектері келіп, С.Ж.Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің тыныш тіршілігімен танысып қайтты.

Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында оқушылар мамандықтар әлемімен танысты. Оқушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету.