Менің қазіргі алға қойған мақсатым дәрігер болуға армандап жүрген оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы дәрігерлік мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл дәрігерлік мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен дәрігер болу арманыма жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Медицина десе алдарыңызға не елестейді? Шприц, ақ халат, аурухана, медициналық эмблема, науқастар…Ал бұлар тек сырт көзбен қарағанда байқалатындар, ал оны жетік оқып, меңгерген адамға «медицина» сөзі ең асыл, қымбат, шексіз мағыналы сөз дер едім!
Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата – бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер!
Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Иә, айта кету керек, қазіргі кезде дәрігерлер жайлы жағымсыз әңгімелер, оқиғалар жетіп артылады. Дәрігерерді қатыгез, жауыз ретіндеде сиппаттап беретіндер баршылық.
Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал! Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек.
Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдадым. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!..