Тіл – ол тек қарым-қатынас құралы емес , ол халықтың жаны, ұлттық құндылығы. Менің ойымша, адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталған. Қазіргі таңда еліміз дамушы елдердің қатарында. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін білімнің маңызы зор екенін айтқан болатын. Әсіресе, үш тілді жетік меңгеру туралы , олар – қазақ тілі , орыс тілі , ағылшын тілі.
«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Үштілділік – заман талабы. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл , орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі , ағылшын тілі – жаһандық әлемге кіру тілі. Не үшін орыс тілін білуіміз керек? Себебі , бұл тілде біздің ең үлкен көрші еліміз сөйлейді. Қазір де , халқымыздың көпшілігі бұл тілде сөйлей алады және түсінеді. Ал , ағылшын тілі не үшін керек? Себебі , ағылшын тілінде барлық дамыған елдер сөйлейді. Ол ғылым мен технологияның тілі.
Міне, сондықтан да еліміздің бәсекеге қабілетті елдермен теңесетін жағдайында осы үш тілді жетік меңгерген білікті мамандардың қажеттілігі артатыны белгілі. Өз ана тілінен бөлек өзге тілдерді де қызығушылықпен меңгеріп жүрген жастар қаншама. Қазіргі заманғы жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Олар өз елімен шектеліп қалмай шет мемлекеттерге шығып, өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауды мақсат санайды. Сондықтан да үштілді меңгеру арқылы олар қай елде болмасын өздерін сенімді ұстай алады.
Қорытындылай келе, үштілділік – заман талабы. Өскелең ұрпаққа айтарым «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте!».