Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фармацевтикалық өндіріс…

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша химия факультетінің дипломдық жұмыстарын қорғау сәтті өтті. Аттестациялық комиссия құрамында 3–18 маусым аралығында төраға ретінде С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармакология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сатбаева Эльмира Маратовна қатысты. Бітіруші студенттердің жұмыстары жаңа қосылыстарды синтездеу және синтетикалық әрі өсімдік тектес шикізат негізінде жаңа субстанциялар мен дәрілік түрлерді жасау тақырыптарына арналды. Студенттердің басым бөлігі тек терең теориялық білімдерін ғана емес, болашақ мамандықтарында аса қажет практикалық дағдыларын да жоғары деңгейде көрсетті. Елдегі жетекші көпсалалы жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен республикадағы медициналық білімнің флагманы – С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасындағы ынтымақтастық оқу және ғылыми-зерттеу үдерісі аясында жалғасып келеді. Бұл өз кезегінде университеттердің профессор-оқытушылар құрамының өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.