Патофизиология ұжымы 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы облыстық №1 балалар үйі» жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Мереке әртүрлі шаралармен балалардың көңілін аулайды. Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Отбасында тәрбиеленген бала мейірімділік аясында өсетіні сөзсіз. Сондықтан да балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бөбектерге қамқорлық көрсету парыз. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Бұл шараның мақсаты баланың жеке басын дамытуға, қорғауға, денсаулығын нығайтуға бағытталған шара.
Кафедра доценті В.М Сабырахметова бүлдіршіндерге арнап жылы лебізін білдірді. Балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғау біздің міндет екенін айтып, балаларға арнап дайындаған сыйлықтарды ұсынды.