Президент жолдауының әсіресе қолжетімді сапалы білім бөлімі айрықша талқыланып, университетіміздің білім алушыларына сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалғаны айтылды. Сонымен қатар, Жалпы медицина-1 мектебіне қарасты Заманауи Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Зәуреш Арстамбекқызы Нагайбаеваның бастауымен кафедра оқытушылары университетіміздің барлық 1 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтың тақырыбына кіріспе ретінде Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауы талқыланып, түсіндірілуде деп баяндалды. Сонымен бірге, Жалпы медицина-1 мектебінің деканының жетекшілігімен білім және ғылым саласын дамытуға орасан зор үлесімізді қосу үшін алға қойған мақсатымызды жүзеге асыруымыз қажет, ол үшін бәріміз бірге күш жұмылдырып, университетіміздің даңқы үшін еңбек атқаруымыз маңызды екені айтылды. ҚР Президентінің халыққа жолдауындағы тағы бір маңызды жағдай ол 2021 жылдан бастап оқытушылардың еңбекақысының 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдағаны Жалпы медицина-1 мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамын қуантты. Мұғалімдердің жалақы мөлшері алдағы уақытта арта беретіні де кездесу отырысында ерекше аталып өтті. Бұл мақсатта алдағы 3 жылда мемлекет тарапынан 1,2 триллион теңге бөлінетіні хабарланды.
ҚР Президентінің халыққа жолдауын талқылап қорытындылай келгенде, ғылымды дамыту үшін сапалы білім қажет, ол үшін Жалпы медицина-1 мектебінің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы әрқашан жетістіктерімен алға шықса, университетіміздің беделі де артып көркейе береді! Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерей тойы қарсаңында университетіміздің ректоры м.ғ.д., профессор Талғат Сейтжанұлы Нұрғожин бастаған ұжымымыздың жетістіктері мол болсын, көк туымыз әрқашан желбірей берсін!!!