«7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні» атты іс-шараның есебі

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының проф.ассист.Қ.Е.Жүзжан 7 сәуір 2026 жылы медицина студенттерімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді денсаулық сақтау мәселелерімен таныстыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау тақырыбында қысқаша презентациялар көрсетілді. Студенттер презентацияларды қарап, өзара пікір алмасты.

Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде қатысып, денсаулыққа байланысты сұрақтарын қойды. Студенттер әр түрлі тақырыптағы ақпараттарды қызығушылықпен тыңдады. Бұл іс-шара олардың медициналық білімдерін арттыруға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Сонымен қатар, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынастары нығая түсті. Барлық қатысушылар іс-шарадан позитивті әсер алды.

Іс-шара студенттер үшін қызықты және пайдалы болды, олар денсаулыққа қатысты ақпараттарды меңгерді және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінді.

Сонымен қатар, іс-шараның естелігі ретінде барлық қатысушылар фотоға түсті.