«LEAGUE OF СHEMISTS» атты интеллектуалдық сайыс

2017 жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің дәріс залында физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің биологиялық химия кафедрасының және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің химиялық технология кафедрасы студенттері қатысқан «LEAGUE OF СHEMISTS» атты интеллектуалдық сайысы өтті.

Кезінде ғалымдар химия дегеніңіз – болашақтың ілімі деген екен. Шынымен де, ойлап қарасаңыз ұлы орыс химигі М.В.Ломоносов айтқандай, «қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия» дегендей біздің өміріміз химия ғылымымен тығыз байланысты.

3 турдан тұратын сайысқа құрама жеті команда қатысты:  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің  xимиялық теxнология кафедрасының  командасы «ЛЕД И ПЛАМЯ» (команда капитаны – Алихан Жеңіс); С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультеті, биологиялық xимия кафедрасының екі командасы – «АСКЛЕПИЙ» (команда капитаны – Серкебаева Жанерке) және  «STARSHIPS» (команда капитаны – Тұралыұлы Әділ); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің xимия және xимиялық теxнология факультетінің үш командасы «Тәуекел» (команда капитаны – Батырбек Сандыбай), «АРХИМЕД ІЗБАСАРЛАРЫ» (команда капитаны – Нұршәріп Арманбек), «МЕНДЕЛЛЕВ ОТРЯДЫ» (команда капитаны – Арипбаева Арайлым) және «МOONAY».

Әділ-қазылар алқасы: Шарипов Камалидин Орынбаевич – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің биологиялық xимия кафедрасының меңгерушісі, «Базалық пәндер» департаматентінің директоры, б.ғ.д., профессор; Аубакиров Ермек Айтқазыұлы қазылар алқасының төрағасы физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор; Оспанова Алия Капановна – физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының профессоры, х.ғ.д.; Ешова Жәния Турлыхановнафизикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к.; Рафикова Хадиша Сабиржановна Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің  xимиялық теxнология кафедрасының сеньор-лекторы, Рh докторы. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ команда жетекшілері:  биохимия кафедрасының доцент қ.а. Айтуғанова Ш.Ж. және аға оқытушы Қағазбекова  Г.А.

Жас инженер-химиктер және болашақ медиктер куратор-эдвайзерлер А.Ә.Батырбаева,  А.К.Жусупова, Р.Н.Ажигулова дайындаған интеллектуалды сайыстың бағдарламасынан мүдірмей өтті. Сайыстың жоспары бойынша

1) Командалар өзін таныстыру 2) Химиялық шарада 3) химиялық формула бойынша «Саяхат» ойыны мен химиялық жұмбақтар және көрермендер арасында «Қорапшаның артында не жасырулы?» атты ойындар жүргізілді.

Сайысты қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін алғыс айтты.

 

ЖАРАЙСЫҢДАР ЖАРДЫҢДАР ЖАРАДЫҢДАР,

ҚАНШАМА КҮШ ЖІГЕР ЕҢБЕК ТІЗІП ЖАЙДЫҢДАР.

ЖАНДАНДЫРЫП ЖАНДЫРЫП ЖАҚТЫҢДАР,

ОҢАЙ АЛМАС БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРА АЛДЫҢДАР!

ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕЙІК ДУ ҚОЛ ШАПАЛАҚ ПЕН ШОКОЛАД,

АЛ СЫЙЫМЫЗ СІЗГЕ КЕЛІП ТАҚАП ҚАЛДЫ.

ЖАҢА ТАНЫС ЖАҢА ДОС КӨРМЕҢІЗ ІСТІҢ БӘРІН БОС,

ЖАҢА КӨРІС, ЖАҢА ҚОС, ҚЫЗЫҚТЫ МОЛ КӨҢІЛ ТОС.

Демекші, сайысқа түсушілер мен жалпы баршаңызға осы сайыста достыққа жол тасталынды деп, сонымен қатар осы достығымыздың жалғасы ретінде естелікке дайындалған сый-сыяпаттарымызды тарту етілді.

Химия ғылымы мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болған интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. 1, 2, 3-ші орын иеленген топтарға (аль-Фараби атындағы ҚазҰУ) эдвайзерлер атынан сыйлықтар ұсынылды.