Ғылыми зерттеу жұмысы

Кафедра жүзеге асыратын ғылыми-техникалық жобалар туралы ақпарат:

  • 2013-2016
  • ҚР жекелеген аумақтарында 5 жасқа дейінгі балалар арасында S. pneumoniae серотиптерінің айналымын мониторингілеу және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялаудың тиімділігін бағалау
  • 2015
  • Ауруханадан тыс және ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігін бақылау және оның молекулалық механизмдерін зерттеу.
  • Диабеттік аяқ синдромындағы іріңді-некротикалық асқынулардың микрофлорасын зерттеу
  • 2015-2017
  • Урогенитальды трихомонадты инфекция кезіндегі сперматогенезге жауапты органдардың жасушаларында гендердің экспрессиясы
  • 2017-2019
  • ПЦФ: симптомға дейінгі диагностиканың жаңа молекулалық-генетикалық әдістері және бірқатар маңызды ауруларды емдеу әдістері
  • 2016-2023
  • ҚР аумағында “SAPIENS” пневмококк инфекциясының ерекшеліктерін көп орталықты перспективалық зерттеудің халықаралық ғылыми жобасы
  • ВІГ «Алматы қаласының ересек және балалар тұрғындарында COVID-19 инфекцияларының клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы, ретроспективті зерттеу)
  • COVID-19 инфекциясынан айыққандардың  денсаулығын бағалау.

2021-2023

  • FOR21 “Fostering the doctor of the 21st century: education for patient-centered communication”, Еуропалық Одақтың ERASMUS халықаралық білім беру жобасы.

Кафедра қызметкерлерінің жарияланымдары туралы ақпарат

Халықаралық ДБда рецензияланатын басылымдарда (WoS, Scopus)

  1. Turgumbayeva, A. A., Ustenova, G. O., Yeskalieva, B. K., Ramazanova, B. A., Rahimov, K. D., Aisa, H., & Juszkiewicz, K. T. (2018). Volatile oil composition of CarthamusTinctorius L. flowers grown in Kazakhstan. Annals of Agricultural and Environmental Medicine, 25(1), 87-89.
  2. Shalekenov, B. U., Bissekenova, A. L., Ramazanova, B. A., Adambekov, D. A., & Shalekenov, S. B. (2018). SPECIES COMPOSITION AND MOLECULAR-GENETIC CHARACTERISTICS OF ANTIBIOTIC-RESISTANT STRAINS OF GRAM NEGATIVE BACTERIA ISOLATED FROM PATIENTS OF A HOSPITAL’S UROLOGY DEPARTMENT. Urologiia, (1), 77-83.
  3. Рамазанова, Б. А., Ералиева, Л. Т., Мустафина, К. К., & Колоскова, Е. А. (2017). ҚазақстанРеспубликасыныңжекелеген аумақтарында және пневмококкқа қарсы вакцинация басталғаннан кейін Streptococcus pneumoniae фарингеальды тасымалдағыштың таралуын көп орталықты зерттеу. Антибиотиктер және химиотерапия, 62 (5-6), 35-42.
  4. Shamsutdinova, A. G., Turdaliyeva, B. S., Ramazanova, B. A., & Beltenova, A. G. (2020). ADHERANCE TO BREAST AND CERVICAL CANCER SCREENING ENSURING COMPLIANCE WITH ETHICAL PRINCIPLES IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Siberian journal of oncology, 19(4), 7-23.
  5. Kozhakhmetov, S., Aitenov, Y., Ramazanova, B., Koloskova, Y., Burkutbayeva, T., Yeraliyeva, L., … & Kushugulova, А. (2021). Influence of pneumococcal conjugate vaccine 13 on upper respiratory tract microbial biodiversity in infants. Biodiversitas Journal of Biological Diversity, 22(11).

КоКсон ұсынған басылымдарда – 100-ден астам мақала бар

Ауызша және постерлік баяндамалар туралы ақпарат:

  1. S.pneumoniae microbiologic verification: classical methods vs new approaches. NPC vs sputum differentiation in the smear. Adhesion and molecular technics. «The 8th PneumoSammit», Вена, Австрия,  2-3 октября 2015г.
  2. Пневмококк инфекцияларының микробиологиялық диагностикасы. Молекулалық диагностикалық әдістермен салыстырғанда классикалық әдіс. «Жұқпалы аурулар, МСАК кезеңіндегі диагностика, емдеу және алдын алу» тақырыбында жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Алматы, Қазақстан.
  3. ҚР аумақтарында айналымда жүретін пневмококктардың биологиялық қасиеттері. Дөңгелек үстел “Қазақстан Республикасындағы пневмококк инфекциясының эпидемиологиясының, клиникасының, диагностикасы мен профилактикасының заманауи аспектілері» 5 желтоқсан 2018 ж.
  4. Қазақстанда пневмококкты инфекцияға микробиологиялық мониторинг жүргізу тәжірибесі / / VII КОНГРЕСС КАМЛД, 19-20 сәуір 2019ж,
  5. Қазақстан Республикасында пневмококкқа қарсы вакцинация жүргізу тәжірибесі. 10 жылдағы эпидемиологиялық жағдай / / пневмококк инфекциясы бойынша мамандар клубы (онлайн), 22 маусым 2021 ж.
  6. Experience of Anti-Pneumococcal Vaccination in Children under 5 Years in Kazakhstan//«2ND GAZI UNIVERSITY AND ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY  HEALTH SCIENCES CONGRESS» May 26-27, 2022, Almaty/Kazakhstan

ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАЛАР

  1. Б.А. Рамазанова, Л.Т. Ералиева, К.К. Мустафина, А.М. Куатбаева , Е.А. Колоскова. Streptococcus pneumoniae serotypes nasopharyngeal carriage in healthy children in the Republic of Kazakhstan//ECCMID, 9-12 апреля 2016г., г. Амстердам, Нидерланды – abstract book. – p.59. (опубл. ESCMID e-library  https://www.escmid.org/escmid_publications/escmid_elibrary)
  2. Б.А. Рамазанова, К.К. Мустафина, Л.Т. Ералиева. Адгезивті белсенділік Str.pneumoniae (әдеби шолу) – Oral poster presentations of Kazakhstan «The 8th PneumoSammit», 2-3 қазан 2015ж.  Вена, Австрия
  3. Б.А. Рамазанова, К.К. Мустафина, Л.Т. Ералиева Микробиологиялық  верификация Str.pneumoniae Oral poster presentations of Kazakhstan «The 8th PneumoSammit», 2-3 қазан 2015ж.  Вена, Австрия.
  4.  Қазақстан Республикасындағы балалардағы пневмония ауруының динамикасы-Oral poster presentations of Kazakhstan “The 8th pneumosammit”, 2-3 қазан 2015ж. ;
  5. Bakhyt Ramazanova, Gulzhan Beissegulova, Kamilya Mustafina, Yekaterina Koloskova, Lazzat Yeraliyeva, Nurshai Azimbaeva. Evaluation of the effectiveness of PCV13 immunisation among children 1 year old in the Republic of Kazakhstan. the 31st ECCMID, the European Congress of Clinical Microbiology and Infectious Diseases, online from 9 – 12 July 2021.
  6. Bakhyt Ramazanova, Gulzhan Beissegulova, Kamilya Mustafina, Yekaterina Koloskova, Lazzat Yeraliyeva, Nurshai Azimbaeva. Evaluation of the effectiveness of PCV13 immunization in morbidity and mortality of pneumonia among children under 1 year of life on separate territories of Republic of Kazakhstan//5th Euro-Asian Pneumosammit. St-Petersburg, Russia, 25-26.08.2021

Баспа қызметі:

  1. Ішсүзегі, паратиф жәнебасқа сальмонеллез қоздырғыштарының болуына бактериологиялық зерттеу әдістемесі: әдістемелік ұсынымдар) / ҚР ДСМ “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК “санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы, С. Д. Асфендияров атындағы “ҚазҰМУ” КЕАҚ Микробиология және вирусология кафедрасы.: Б. А. Рамазанова, К. К. Мұстафина, Е. А. Колоскова, Алматы – 2022 – 110С. -РДДО бекіткен

2 “Менингококкты инфекцияның және іріңді бактериялық менингиттің зертханалық диагностикасы”: Әдістемелік ұсынымдар/ ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы, С. Д. Асфендияров атындағы “ҚазҰМУ” КЕАҚ Микробиология және вирусология кафедрасы Б. А. Рамазанова, К. К. Мұстафина, Е. А. Колоскова. Алматы-2022-124с. – РДДО бекіткен.

 

Кафедраның 90 жылдығына арналған микробиология бойынша жыл сайын өткізілетін Халықаралық Олимпиада С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің микробиология, вирусология кафедрасының базасында 2023 жылдың 21 сәуірінде өтті.

Олимпиадаға 11 команда қатысты: қазақ тілінде – 3, орыс тілінде – 5 және ағылшын тілінде – 3 команда. Қатысушылар Алматы қаласындағы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, сондай-ақ Қазақстанның және жақын шет елдердің басқа қалаларындағы: Астана Медицина Университеті, Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «КИМЕ» Ташкент халықаралық университеті, Ташкент педиатриялық медицина университеті, Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиялары болды.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші туры бактериялардың морфологиясы мен физиологиясы, қоректік орта және серологиялық реакциялар бойынша сұрақтарды қамтып, жалпы микробиология тақырыптары бойынша блиц-сауалнама түрінде өткізілді. Бұл кезең қатысушыларға теориялық білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді

Олимпиаданың екінші туры микробиология, вирусология кафедрасының базасында практикалық дағдыларды қабылдауды қамтыды. Қатысушылардың алдында зертханалық жануарды сою, таңбаланған жағындылар дайындау және оларды бояу, микроскопиялау техникасын меңгеру, себінді жасау техникасын көрсету, серологиялық реакцияларды орындау және нәтижелерді түсіндіру сияқты микробиологиялық практикалық дағдыларды меңгеру міндеті тұрды.

Қатысушылардың жауаптарын халықаралық қазылар алқасының мүшелері бағалады, олардың құрамына С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары және шетелдік -команда жетекшілері де кірді.

Микробиология, вирусология кафедрасының 90 жылдығына арналған Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

Қазақ тілді секциясы:

1 орын – «Симбиоз» командасы, Алматы қ. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ;

2 орын- «МикроГик» командасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.;

2 орын – «Панацея» командасы, Астана медицина университеті

Орыс тілді секция:

1 орын – «Navi» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.;

2 орын – «Авиценнаның ізбасарлары» командасы, Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты және «Дарыгер» командасы И. Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы;

3 орын – «Natus vincere» командасы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ. және «Microlupus» командасы, Ташкент педиатриялық медицина институты, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы

Ағылшын тілі бөлімі:

1 орын – «Microbe Mavericks» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.;

2 орын – «Antivirus» командасы, «КИМЕ» Ташкент халықаралық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы;

3 орын – «Bacterial Battalion» командасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және қатысу сертификаттарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Халықаралық пәндік олимпиада университеттер арасындағы достықты нығайтуға, жаңа байланыстарды қалыптастыруға, сондай-ақ ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын іздеуге ықпал ететін іс-шара болып табылады.