«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!»

2021-2022 оқу жылындағы Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен кафедрасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» атты университет деңгейінде іс-шара өткізілді. Іс-шара ZOOM интернет форматында өткізілді. Іс-шараға Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен  кафедрасының меңгерушісі –Рыспекова Ш.О., жалпы медицина-1 мектебінің  деканы – Измайлова С.Х. , жалпы медицина-1 мектебінің декан орынбасары –  Жакупова Қ. Б. шақырылды. Іс-шараға кафедраның оқу ісі меңгерушісі Джусипбекова Б.А., Шайхынбекова Р.М., кафедраның тәрбие жұмысына жауапты А.С.Алипбекова, Айтжанова Г.М., қатысты. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Жалпы медицина-1 мектебі 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараны 2 курс студенттері, жүргізушілер: Бектұрғанова Ділназ, Слам Әбдіхалық, Ерсаинов Алишер іс-шараны үш тілде жүргізді. Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенттері Бақберген Әсем, Пермен Аружан, Сейілханова Ақмарал «Жемқорлық – індет, оны жою-міндет!» тақырыбына үш тілде баяндамаларын оқыды. Баяндамада жемқорлық және оның зардаптары, себептері жайлы айтылды. «Жемқорлық және медицина» тақырыбына Мазакова Балауса, Сәлімбай Алтынай, Джаримбетова Газиза видеоролик арқылы ой толғау жасады. Ары қарай 2-курс студенті Еркебек Әсел

«Құс қайтару»  атты күймен өнер көрсетті. Кейін сөз кезегі кафедра дәріскері Р.М.Шайхымбековаға берілді, одан кейінгі сөз кезегі кафедраның тәрбие жұмысына жауапты А.С.Алипбековаға берілді. Оқытушы студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жұмысы, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын айтып, жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды.

Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып, өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындады.

Қалыпты физиология

кафедрасы биофизика курсымен, кафедрасының

меңгерушісі                                                                           Рыспекова Ш.О.