Көрнекті ғалымдар: Ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл

2020-2021 оқу жылындағы «Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасында  жоспар бойынша  Көрнекті ғалымдар рубрикасы бойынша: «ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл» – атты университет деңгейінде  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел онлайн жағдайында, зум платформасында өтті. Дөңгелек үстелге жауапты ұйымдастырушылар «Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасының кафедра меңгерушісі, доцент Рысбекова Ш.О., доцент Джусипбекова Б.А., Шайхынбекова Р.М., Айтжанова Г.М. Дөңгелек үстелге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев Убайдулла Махамбетұлы, жалпы медицина мектебінің  1 курс декан орынбасары Жакупова Қырмызы Баймухамбетқызы, Аңсағанова Жансая Аңсағанқызы және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері қатысты.  Дөңгелек үстел үш тілде жүргізілді. Жүргізушілер: Көбей Аяулым, Закенов Айбек, Жанатбек Ақерке. Дөңгелек үстел барысында  «Әбу Насыр әл-Фараби, тарихқа шолу» – бойынша баяндама жасалып, «Әбу Насыр әл-Фараби киносының саундтрегі» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. «Әбу Насыр әл-Фарабиді қаншалықты білесің?»  – тақырыбында кахут платформасында, сұрақ – жауап ойынын ұйымдастырылып ғұлама-ғалым бойынша көп акпарат берген студент жеңімпаз атанды. Кеште студенттер Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны, жасаған еңбектері, жазған еңбектерімен танысып,  ғұлама жайында көптеген мағлұматтар алды, білімдерін толықтырды. Студенттер Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған өлең шумақтарын оқыды. Дөңгелек үстелді Мухаммадиярова Аружанның орындауында Дәулеткерейдің тамылжыған «Түркімен» күйімен бітірдік. Дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонағы университетіміздің стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев Убайдулла Махамбетұлына сөз беріліп: Еліміздің болашағы жастар өз елінің тарихын, ғұлама ғалымдарын білу керек және ол үшін осындай кештер керек екенін айтып, студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.   Кафедра оқу ісінің меңгерушісі    Джусипбекова Балжан Абдрамбековна сөз кезегінде, студенттердің атқарған жұмыстарына көңіл бөліп, баға берді,  студенттерге алғысын айтып, осындай іс-шаралардың арқасында жастар өз тарихын умытпау керек екені айтылды. Кафедра лекторы Шайхынбекова Райгуль Мухамбетовна студенттерге алғыстарын білдіріп, кешіміздің өте керемет деңгейде өткенін риза болып жеткізді.

Дөңгелек үстелде студенттер   тарихи тұлғамыз Әбу Насыр әл-Фарабиді қаншалықты жақсы білетінін көрсетіп профессорлық құрам мен оқытушылық құрамды риза қылды.

Кештің Максаты: Ортағасырлық мұсылман әлеміне танымал ғұламалардың бірі – Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың атақты ғалымы атанған математик, музыкант, философ ғұлама энциклопедист ғалым. Ол Отырар қаласында әскербасының отбасында туған, шыққан тегі қыпшақ. Өзінің ғылыми көзқарасы мен дүниетанымы жағынан өмір сүрген заманынан алда тұрған, озық ойлы тұлға болған.

Ұстаздың әлемдік ғылым мен мәдениет саласына қосқан жаңалықтары өте көп. Ол логика мен медицинаны, ғарыш пен адам құрылысын, философия, математика және заң ғылымдарын терең зерттеген. Ол өзінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде адам әлемді және оның мәнін сезім мен ақыл арқылы танитынын дәлелдеді.

Осындай іс- шаралармен тарихи тұлғаларымызды әрқашан еске алып,  студенттерге өз тарихынан мағлұмат беру бойынша балалардың  рухани байлығын жетілдіріп отырған дұрыс деп кешімізді аяқтадық.