Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанымыздың көк туының биіктерден көрінуі бүгінгі жастардың қолында. Осындай жастардың қатысуымен желтоқсан айының 2 жұлдызында “Альма матер”дебат клубының ұйымдастыруымен университет күндеріне орай факультет аралық турнир өткізілді. Ел тізгінін ұстар болашақ азаматтардың интеллектуалдық деңгейін арттыратын дебат ойындарына 2 факультеттен 10 фракция қатысты. Қорытынды нәтижесі бойынша жүлдері орындарға жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері ие болды.
1 орын «Көкжалдар» тобы — Сандыбек Әлібек, Аскербек Аяулым
2 орын « Жас Алаш» тобы — Қабыл Айкен, Әбибала Айжан
Осы студенттер жалпы медицина факультетінің үмітін ақтап, мерейін үстем етті. Жарайсыңдар! Осындай жеңістерің көп болып, өнерлерін өрге жүзсін.