Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік, өр халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 22 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлағаны. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің оның өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Осыған орай, бүгінде 29 қараша күні «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі профессор Есенжанова Г.М.) доцент Китуева Р.Н.-ның тюторлық 15-1, 15-2 топтарымен «Қалалық паллиативті көмек орталығында» (директоры Садыкова С.Г.) « Менің Елбасым » атты конференция ұйымдастырылды. Кеште студенттеріміз Елбасымыздың дүние есігін ашқан сәтінен бастап, кемелденген шағына дейінгі кезеңдер жайлы көлемді мағлұматтар жинап, бейнебаян көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», — деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Сондай-ақ Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Осы жайындада конференцияда баяндама оқылып тарихты еске түсірер сәттерде болды. Елбасы күніне орай Тобымыздың талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салып, Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, «Қара жорға» биі, ұйғыр ұлттық биі мен сыңғырлаған домбырамен күй шертіліп, қыздарымыздың жарқын дауыстарымен «Қазақ елі осындай», «Атамекен» «Елім менің» әндері шырқалды.
Конференцияға аурухана басшылығы, кафедра оқытушылары, студенттер мен науқастар қатысты. Өз алғысын білдіріп, қошемет көрсетті. Президентіміз ұрпаққа үлгі, өзі ұстаған қамшының сабын міне біз, болашақтың перзенттеріне улкен үмітпен табыстайтыны сөзсіз. Болашақ жас ұрпақтың қолында деп «Елім менің» әнімен конференция аяқталды.
Дайындаған: 3курс 15-1топ студенті САЯ Ақбөпе