2026 жылғы 14 қазанда №7 ғимараттың 2-аудиториясында Іргелі пәндер департаментінің кураторлары мен эдвайзерлерінің кезекті жиналысы өтті.

Жиналыстың күн тәртібі:
1. 2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттарын талқылау.
2. Студенттердің сабаққа қатысуын, тәртібін және Академиялық саясат талаптарын сақтауын бақылау.
3. «Толық адам» тұжырымдамасы аясында рухани-адамгершілік тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
4. Құқық бұзушылықтың, алаяқтықтың, буллингтің және діни экстремизмнің алдын алу.
5. Студенттердің психологиялық әл-ауқаты мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
6. Жатақханадағы студенттермен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру.
7. Кураторлардың жұмыс жоспарлары мен жол карталарының орындалуы және есептілікті уақытылы тапсыру.
Жиналыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие және идеологиялық жұмыстың негізгі міндеттері белгіленіп, кураторлар мен эдвайзерлерге тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.