С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Саналы ұрпақ» профилактикалық форумы өтті

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде сағат 14:30-да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 1-курс білім алушыларына арналған «Саналы ұрпақ» профилактикалық форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара барысында білім алушыларға заңдылық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, құқық бұзушылықтардың салдары және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Форум студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және университетте қауіпсіз әрі жауапты білім беру ортасын нығайтуға бағытталды.

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғам мен саналы ұрпақтың негізі!