(KAZ) Емдеу-диагностикалық жүмыс

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

Кафедраның клиникалық базалар: №7 КҚА, Алматы облыстың аурухана, емдік- диагностикалық орталық болған, қазіргі кезде кафедра №7 қалалық клиникалық ауруханасында орналасады. Кафедра қызметкерлері жоғары дәрежеде әртүрлі көлемде және  ағзаларға операция жасайды. 6 кафедра қызметкерлері жоғары, 3 – бірінші санаттағы дәрігерлер. Кафедра қызметкерлері аурухана дәрігерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

Кафедра қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Жыл сайын кафедра қызметкерлері Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырыстарын өткізеді.

Кафедра қызметкерлері әр түрлі клиникалық медициналық мәселелеріне байланысты жергілікті жерлерде циклдар өткізеді. Университеттін 80 жылдығына орай  2010 жылы ақпан айында кафедра Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырысын ұйымдастырып өткізді. 2010 жылы кафедра «Іріңді хирургияның маңызды сұрақтары» деген Халықаралық конференция өткізді.

Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің емханасында 2010 жылдың сәуір айынан бастап әр жылда Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне арнап кафедра тегін кеңес жүргізеді.

2012 жылдын желтоқсан айында кафедра «Хирургияға енгізілген жаңа технологияны денсаулық саласында қолдану» деген конференция өткізді.