(KAZ) “Білім мен дәстүр үндестігі: ANaMed Forum аясындағы тұсаукесер”

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Халықаралық ANaMed Forum – New Generation 2026 форумының салтанатты қорытынды сәтінде әлемдегі алғашқы әрі жалғыз кванттық офтальмолог, көру ғылымдарының докторы (PhD), жаңашыл ғалым Мұхит Құлмағамбетов Альтаир атты сәбидің тұсауын кесу құрметіне ие болды.

Балғын қадамдарын енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан сәбидің екі жағынан өмір жолына ақ тілекпен дем беріп, сенім сыйлаған қос тұлға – Медицина деканы Измайлова С.Х. және Мұхит Асқарұлының ардақты ұстазы Альмухамбетова С.К. – оны сүйемелдеп, алғашқы қадамдарының нық әрі берекелі болуына батасын берді.

Бұл тағылымды сәтте қазақтың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі – тұсаукесер рәсімі айрықша мәнімен көрініс тауып, ұлттың салт-санасы мен тәрбиелік танымын айқындаған қасиетті ғұрып ретінде ерекше салтанат құрды. Қазақтың салты ұрпаққа ізгілік пен адалдықты аманат етіп, “ақ жолдан аттасын” деген ақ ниеттің жарқын көрінісіндей әсер қалдырды.

Ұлағатты ұстаздар мен елге белгілі ғалымның қатар тұрып, бір сәбидің тұсауын кесу рәсіміне куә болуы – болашаққа артылған үлкен үміттің, ізгі тілек пен жауапкершіліктің нышанындай әсер қалдырды.

Альтаирдың әр қадамына ақ жол тілеген осы бір сәтте жүректер жылылыққа толып, “жақсының шарапаты – ұрпаққа жалғасады” деген сөздің мәні айқын сезілді. Сәбидің жолы ашық, ғұмыры жарқын, болашағы нұрлы болсын деген ақ баталар ақтарылып, елдің ортақ үміті мен тілеуімен ұштасқан берекелі де тағылымды сәт болып есте қалды.