(KAZ) Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл.
2022 жылдың 12 қыркүйек айында Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкуста Степанова Дарья «Талаптыға нұр жауар» номинациясымен марапатталды. Біздің мақсатымыз өзгенің байлығы, сұлулығы және икемдігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпау болып табылады.