С.Р.Қарынбаев атындағы топографиялық анатомия кафедрасымен біріккен анатомия кафедрасының тәрбие жұмысы аясында өткізілген
«Амал күніне» арналған іс шара туралы
ЕСЕП
8-наурыз — бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — әйелдер мерекесі, Аналар мерекесі. Барлық адам үшін аналардың орны бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға жететін жан жоқ шығар сірә!
Жұмысқа да баратындар — аналар, баланы да табатындар — аналар. Отынды да жаратындар — аналар, тәуекелге баратын да — аналар. Уа, Аналар, аман болшы әрдайым, Уа, аналар, бар жақсыны арнаймын — деп, аналарымызға деген үлкен құрметіміз бен ілтипатымызды білдіре жүрейік!
Сәби күнінен бастап, өсіп, сұлуланып, қос бұрымын тарамдап жүретін ару қыздарымыздың өзі ертеңгі болашақ ана, болшақ әже. Сондықтан, барша әйелдер қауымын, барша аналар мен әжелерді, барша сүйкімді қыздарымыз бен көрікті аруларымызды осы атаулы мереке 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, гүлдей жайнап, күлім қағып, жүздеріңізден күлкі кетпей, амандықта, саулықта жақын жандарыңызды қуантып жүре беріңіздер дегіміз келеді.
Біздің кафедрамызда да бүгінде ежелгі дәстүріміз — Амал мерекесіне пара-пар келген Наурыздың 14 жұлдызында студенттеріміз 8 наурыз мерекесімен біріктіріп тәрбие жұмысын өткізген болатын. Анатомия кафедрасының лекторлары Искиндирова Айман Мансұрқызы мен Искакова Лунара Әлібекқызының жетекшілігімен Жалпы медицина мектебінің 2 курс студенттері ұйымдастырған бұл жиында күй де тартылды, ән де шырқалды. Осылайша, бабаларымыздың дүние танымымен астарлас дәстүріміздің дәріптелуіне өз үлестерін қосты. Соңында кафедрамыздың ақсақалы пофессор Досаев Тасболат Молдахметұлынан бата алдық.