«АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ»

06.03.2023ж. күні «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының доценті Нуртаева Ғ.Қ., лектор Усипбекова Д.И. және ассистент Ильясова Г.О. «Ана-өмірдің шуағы» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді. Шараға Жалпы медицина және Фармация мектебінің студенттері қатысты.
Мерекелік шарада студенттер ана туралы дайындаған презентация көрсетіп, өлең-жырларды айтып, күмбірлеген домбыра үнімен күй орындап, викториналық ойындар ұйымдастырып, «Ананың қадірі» атты көрініс қойып, келген қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.