Микробиология, вирусология кафедрасының 95 жылдығына және профессор Қуаныш Аманбайұлы Макировтың 115 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді

2025 жылдың 16 сәуірінде микробиология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Таурбаева Н.Т. және кафедра оқытушылары Искакова У.Б., Нургазина Г.С., Асқар Г.Х., Айтимова Д.Н., Мұстапаева Ж.Ө. «Медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге Микробиология, вирусология кафедрасының 95 жылдығына және профессор Қуаныш Аманбайұлы Макировтың 115 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, ғылымға қосқан үлесі мен ұстаздық қызметі жайлы мағлұматтар берілді. Студенттер профессордың отансүйгіштік, ерлік және ғылыми еңбектерін мақтанышпен тыңдады. Куаныш Аманбайұлы – нағыз патриот, жауынгер, ғалым әрі педагог ретінде ел есінде мәңгі сақталады