Жалпы хирургия кафедрасы

Алматының Мемлекеттік Медицина Институтында 1934 ж. жалпы хирургия кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып профессор Александр Николаевич Сызганов (1896-1980 ж.ж.) тағайындалды.

1934-1963 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Сызганов Александр Николаевич.

1963-1971 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Чуваков Кожахмет Кожакович.

1971-1981 жж. – кафедра меңгерушісі, жалпы хирургия, емдеу факультеті профессор Чуваков Кожахмет Кожакович.

1971-1981 жж. – кафедра меңгерушісі, жалпы хирургия бала емдеу факультеті профессор Даиров Алмагамбет Бекишевич

1981 ж – емдеу мен бала емдеу факультеттерінің жалпы хирургия кафедрасының бірігуі.

1981-1985 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Даиров Алмагамбет Бекишевич

1985-1988 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Головачев Валентин Лукич

1988-2009 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Дурманов Калыбай Дурманович

Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі, доцент Капанова Гульнар Жамбаевна

Кафедрада әр жылдары жұмыс істегендер: Сулейменов Аргын Аргынович, кейінірек профессор, Онкология Институтының директоры; Идрисов Акрам Салимович, кейінірек профессор, АМДЖУ онкология кафедрасының меңгерушісі; Касенов Толеутай Сармантаевич, кейінірек жалпы хирургия кафедрасының профессоры; Оспанов Абдрали Оспанович, кейінірек профессор, ҚазҰМУ госпитальды хирургия кафедрасының меңгерушісі; Баймухамедов Женис Жанбатырович, кейінірек профессор, ОҚММУ хирургия кафедрасының меңгерушісі.

Қазіргі кафедра – ғылыми ізденістер мен оқыту үрдісімен айналысатын, университеттің өміріне белсене қатысатын және денсаулық сақтауда емдік – диагностикалық көмек көрсететін үлкен кәсіптік ұжым. Университеттің юбилейне кафедра стенд пен кафедра тарихы туралы фильм шығарды.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра ГОСО -2006 мен жұмыс истейді. Кафедрада әр жыл сайын 3, 6 курстың 1500 студенттері білім алады. Оларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі. Кафедрада сабақ жүргізүге силлабустар, пән бойынша оқұ-әдістемелік комплекстер, барлық тақырыптар бойынша үш тілде дайындалған. Кафедрада 1500-ге жуық әртүрлі деңгейде тесттер дайындалған. Барлық дәрістер мультимедиялық вариантта жүргізіледі. Сабақ кезінде көптеген патанатомиялық макропрепараттар, муляждар және кәсіби тәжірибе жыйнақтауға арналған хирургиялық аспаптар бар. Кафедрада тәжірибе сабақ жүргізуге арналған ОСКЕ, бағытталған әдістемелер енгізгелген. Студенттердің білім беру жолын жоғарылату үшін тәжірибелі мол педагогтар жас падегогтарға үнемі ақыл-кеңесін береді. Педагогтар өздерінің ғылыми-педагогикалық білімдердің үнемі жетілдіріп жүреді. Кафедра қызметкерлердің 60% жаңа инновациялық технология, компьютерлік біліктілікті, коммуникативті тәжірибесі және психология негіздері түралы семинарларда білім алды. Кафедраның барлық қызметкерлері дәлелді медицина оқу курсынан өтті.

 

Емдеу-диагностикалық жүмыс

Кафедраның клиникалық базалар: №7КҚА, Алматы облыстың аурухана, емдік- диагностикалық орталық болып есептеледі. Кафедра қызметкерлері жоғары дәрежеде әртүрлі көлемде және ағзаларға операция жасайды. 9 кафедра қызметкерлері жоғары, 5- бірінші санаттағы дәрігерлер. Кафедра қызметкерлері аурухана дәрігерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

Кафедра қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Жыл сайын кафедра қызметкерлері Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырыстарын өткізеді.

Кафедра қызметкерлері әр түрлі клиникалық медициналық мәселелеріне байланысты жергілікті жерлерде циклдар өткізеді. Университеттін 80 жылдығына орай 2010 жылы ақпан айында кафедра Алматы қаласының және облыстық хирургтар қоғамының отырысын ұйымдастырып өткізді. Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің емханасында 2010 жылдың сәуір айында Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне арнап кафедра тегін кеңес жүргізді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары және студенттердің ғылыми

зерттеу үйірмесі.

Кафедраның ғылыми жұмыстары әртүрлі бағытта жүргізіледі. Негізгі тақырыптары:

  • Қазіргі таңдағы кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының хирургиялық ауруларының диагностикасы мен емдеу әдістерін қолдану,
  • Хирургиялық инфекцияны емдеуде инновациялық әдістерді еңгізу,
  • Хирургияда әлеуметтік маңызы бар науқастарды емдеу.

Кафедра қызметкерлері әржылы 50-ге жуық статьялар мен тезистер жариялап, кемдегенде 4 әр түрлі конференцияларға қатысады.

Соңғы 10 жылда кафедрада 5 докторлық және 12 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалды. 2010 жылдың аяғына дейін кафедрада 3 докторлық және 1 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалуы жоспарлануда. Университеттің мерей тойы жылында кафедра «Балалар мен ересектердің іріңді хирургияның өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша мақалалар жинағымен бірге Халықаралық конференция жүргізілуі жоспарлануда.

Кафедра құрылғаннан бері студенттердің ғылыми-жұмыс ұжымы жұргізіледі. Әр жылы ұжымында болашақта хирург болуын ниет білдірген студенттер қатысады. Қазіргі таңда ғылыми үйірмесіне әр түрлі факультеттерден 34 студент қатысады. Унивеситеттің осы мерей тойы жылында кафедра студенттердің Ғылым күніне арнап баяндама дайындады. Баяндама 2-ші және 3-ші тур сайыстарынан өтті. Кафедра қатысқаны туралы сертификат алды.

Тәрбие жұмысы

Кафедра қызметкелері жалпы медицина факультеттің үшінші курс студенттерінің жеті тобына курация жасайды. Жоспар бойынша студенттермен курациялық сағаттар, жатақханада тұратын студенттердің тұрмыс жағдайларымен танысып, әртүрлі мәдени шаралар үйымдастырады. Міндетті түрде кураторлық сағаттарында: «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан хирург-ғалымдарының Қазақстанда хирургия саласына дамытулары», «Университет пен кафедраның тарихы», «Шылым мен нашақорлықтың зияны» туралы мәселелер талқыланады. Университеттің мерей тойына қарсы осы жылы «Хирургияның болашағы» тақырыбы бойынша студентер арасында олимпиада жүргізілуі жоспарлануда.