Кафедра төмендегі базаларда орналасқан: ҚКК ЖШҚ«ЖМЖС»Казыбекбикөшесі115,«ҰОС емханасы», Амангельді көшесі 41, ҚКОТөлеби көшесі 93, ЖМШАКазыбекби көшесі 96, «Рахат клиникасы» Жетісу-3 микрорайоны, 2а үйі.
Кафедраның барлық штаттық қызметкерлері жоғары санатты дәрігерлер және 10 жылдан астам жұмыс өтілді. Кафедра қызметкерлері клиникалық базада клиникалық жұмысын 0,5 көлемді дәрігерлік ставкада орындайды. Профессорлар және доценттер курация жүргізетін бөлімшелерде жоспарлы және шұғыл ақылкеңестер жүргізеді, консилиумға, клиникалық талдауларға, патологанатомиялық конференцияларға қатысады. Кафедра жоспарына сәйкес профессорлар және доценттер курация жүргізетін бөлімшелерде науқастарға обход жүргізеді. Ассистенттер аурухана бөлімшелерінде науқастарға курация жасайды, жедел медициналық жәрдем беру бригадалар құрамымен шақыртуларға шығады, аурухана қабылдау бөлімшелерінде кезекшілік етеді.
Кафедра қызметкерлерімен емдеу базалық мекемелерінде барлығы 1413 науқасқа ақыл кеңес берілген, 4595 науқас емделген,301 науқасқа консилиум жүргізілді. Сонымен қатар кафедра қызметкерлерімен қайырымдылық шаралар аясында кардиологиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, неврологиялық, геронтологиялық профильде 405 науқасқа ақыл кеңес берілді.
Дәрігерлер және студенттер қатысуымен курация бөлімшелерінде клиникалық талдау жүргізілді. Кафедра доценттері қайтыс болған науқастар сырқатнамасына пікір жазу, медициналық құжаттарға сапалы экспертиза жасауға үнемі қатысады. Профессор Турланов К.М. ҚКК ЖШҚ «ЖМЖС» медициналық кеңес мүшесі, Доц. Воднев В.П. емдеу-бақылау комиссиясы мүшесі, профессор Турланов К.М. және доцент Нурмакова М.А. ҚКО летальды жағдайларға талдау жасау комиссиясы мүшесі, Проф. Ахметова Г.Д., доц. Воднев В.П., ассистент Балканай Г.Б. ҚКК ЖШҚ «ЖМЖС» халықтың жазбаша шағымдарын қарау комиссиясы мүшелері, доц. Альмухамбетов М.К. Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаменті жанындағы клиникалық мекемелерді тексеру комиссия мүшесі. Кафедра қызметкерлерімен ішкі аудит өткізу кезінде 971 сырқатнамаға, шақырту карталарына, амбулаторлы карталарға экспертиза жасаған.